Кино • Бүгін, 07:48

«Сабыр» көш бастап тұр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ұйытқы болуымен түсірілген «Сабыр» қысқаметражды фильмі халықаралық аудиторияның ықыласына ие болды. Туынды «Сineshort» қысқаметражды фильмдерінің әлемдік платформасында рейтинг көшбасшыларының қатарына енді.

«Сабыр» көш бастап тұр

Фильмде оқып, жаза алмайтын екінші сынып оқушысы Сабыр­жанның оқиғасы баян­далады. Анасы мен мұға­лім­дері оны түсіне алмайды. Балада дислексия дерті бар екенін білмей, жиі сөгеді. Бұл – үлкендер тарапынан түсіністікті қажет ететін ерекшелік. Фильм маңызды әлеуметтік тақырыпты көтере­ді және көрерменге мектеп­тегі балалардың қиындығына мұқият қарау қажеттігін жет­кізеді.

Фильмнің режиссерлері – Марина Зиберт пен Дамир Танатов. Жоба ұлттық және халықаралық деңгейде жо­ға­ры бағаланды. «Сабыр» VIII халық­аралық «Baiqonyr» кино­­фес­тивалінің ұлттық бай­қауында «Үздік фильм» жүл­десінің иегері атанды, ал бас­ты рөлді ойнаған жас актер Салих Бейсенбай рөлін үздік сомдағаны үшін марапатталды.

Сонымен қатар фильм «Umut» халықаралық кинофо­ру­мында «Үздік режиссер» сый­лығын жеңіп алды. Торон­то­дағы «Peaks Central Asian Film Festival» аясында Солтүстік Америка ­премьерасында ұсынылды.

Айта кетейік, «Cineshort» – бұл дәстүрлі жанрдағы автор­­­лық және фестивальге арнал­ған фильмдерді ұсына­тын Халық­аралық қысқа­метраж­ды­ фильм­дер платфор­масы. «Сабыр» картинасы 9,3 балл жинап, көрермен қызығушылығын ­тудырды.