Технология • Кеше

Қазақстандықтар тағы бір құжатты электронды түрде ала алады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді нотариустың атқару парағы электронды түрде беріледі. Бұған дейін ел азаматтары оны алу үшін нотариусқа жеке келіп, құжаттардың түпнұсқасын беріп, кейін сот орындаушысына хабарласу қажет болған. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандықтар тағы бір құжатты электронды түрде ала алады

«Нотариустың атқару парағы қарызды мәжбүрлеп өндіріп алуға арналған құжат. Яғни, борышкерден ақшаны немесе мүлікті өндіріп алу үшін нотариус арнайы белгі – атқару парағын қояды. Мысалы, нотариалды куәландырылған немесе нотариустың атқару парағында тармақ жазылған несие немесе жалдау шарты болған кезде, талап қоюшы сот орындаушыларымен тікелей байланыса алады. Бұл жинау процедурасын жеңілдетеді», деді Талғат Уәли.

Енді рәсім жеңілдетілгеннен кейін атқару құжаты нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы электронды форматта беріледі. Әрі қағаздағы құжат сияқты заңды күшке ие болады.