
"Қазгидромет" РМК жариялаған ескертуге сәйкес, Алматы қаласында 10-11 шілде аралығында қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болуы мүмкін.
– Қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтап, тау бөктерлері мен өзен арналарына жақындамау, сондай-ақ ауа райы болжамының жаңартуларын қадағалау ұсынылады, – деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.