
Фото: Жоғарғы Сот
Тергеу органы Ә. Мұхамедьяровты ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін жауапты адамның оларды бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққанына байланысты айыптады.
А. Пекельник ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа берілді, алайда мемлекеттік айыптаушы сотта бапты ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлігіне, яғни тұтынушылардың өмірі немесе денсаулығы қауіпсіздігіне сай келмейтін жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету, абайсызда адамның өліміне әкеп соққан фактіге ауыстырды.
Сот барысында А. Пекельник жеке кәсіпкер бола тұрып, өзіне тиесілі меншіктегі өрт қауіпсіздігін қадағаламағаны белгілі болды.
Ал өрт дабылы жүйесін электр жабдықтарымен жұмыс істеуге рұқсаты мен біліктілігі жоқ адамдар орнатқан. Жұмыстар жобамен сәйкес келмеген, орнатудан кейін дабыл жүйесінің сызбасы рәсімделмеген. Бұл А. Пекельниктің өз міндеттеріне формалды және жауапсыз қарағанын көрсеткен.
Сарапшының мәліметі бойынша, дыбыс сигналының деңгейі кемінде 75 дБ болуы тиіс, алайда іс жүзінде ол 28,8–72,7 дБ аралығында болған, ал тұрғын және жертөле бөлмелерінде – 28,8–58,2 дБ деңгейінде ғана, бұл өрт кезінде жедел ескертуге мүмкіндік бермеген.
Айыпталушы Ә. Мұхамедьяров өрт қауіпсіздігі талаптары мен заңнамада көрсетілген тыйымдарға қарамастан, жертөле қабатында 48 орынға арналған 6 жатын бөлмеден тұратын орын жайластырған. Сонымен қатар ол эвакуацияға арналған жалғыз шығу есігін құлыптап қойған. Бұл адамдардың шұғыл шығып кетуіне кедергі келтірген. Дәлізге қойылған төсек орындары да адамдардың ғимаратты тез босатуында қиындық туғызған.
Сот оларды жоғарыда аталған айыптаулар негізінде кінәлі деп танып, Ә. Мұхамедьяровды 5 жылға, А. Пекельникті 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.