Қазақстан • Бүгін, 16:40

Қазақстан Орталық Азиядағы ең бейбітсүйгіш ел атанды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық экономика және бейбітшілік институты жариялаған Әлемдік бейбітсүйгіш елдер рейтингінде еліміз 56-шы орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Орталық Азиядағы ең бейбітсүйгіш ел атанды

Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда республикамыз өз позициясын жақсартып, Орталық Азия өңіріндегі ең ынтымақшыл ел ретінде танылды. Көршілер арасында еліміз 67-ші орын алған Өзбекстаннан, 78-ші орындағы Қырғызстаннан, 79-шы орындағы Тәжікстаннан және 87-ші орынды иеленген Түрікменстаннан озып, алға шықты.

Жалпы, әлемдік рейтингте Исландия, Ирландия және Жаңа Зеландия көш бастап тұр. Бұл елдер дәстүрлі түрде қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен, қылмыстың төмендігімен және халықаралық қақтығыстарға қатыспауымен ерекшеленеді. Ал Ресей рейтингте соңғы, 163-ші орынға, Украина – 162-ші орынға тоқтаған. Америка Құрама Штаттары – 128-ші, Израиль – 155-ші орында.

Жаһандық бейбітшілік индексі елдегі қылмыс деңгейі, қақтығыстарға қатысу, саяси тұрақтылық, әскери әлеуетті арттыру сияқты әртүрлі аспектілерді қарастырады. Мамандардың пікірінше, Қазақстан позициясының жақсаруы ішкі тұрақтылықтың өсуімен, мемлекеттегі қақтығыстар мен тәртіпсіздіктер ықтималдығының азаюымен байланысты. Дегенмен, олар қоғамдағы сенімділік деңгейін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру және халықаралық аренада жанжалдардың алдын алуда күш-жігерді арттыру қажеттігін атап көрсетеді.