Оқиға • Бүгін, 16:32

Перизат Қайраттың соты жартылай ашық форматта өтеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Істі қараған қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Сабыржан Каримов қорғау тарапының өтінішін ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Перизат Қайраттың соты жартылай ашық форматта өтеді

Фото: Ашық дереккөз

Сот отырысы ішінара жабық форматта өтеді дегенмен, сот отырыстарының кейбір кезеңдерінде, атап айтқанда, айыпталушыларды тергеу барысында және банк құпиясы мен өзге де құпия деректері бар материалдар жария етілмейді.

Сот процесінің бірінші отырысы 2025 жылғы 14 шілдеде сағат 10:00-де басталады.

Айта кетейік, Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева 3 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталған. Тергеу деректері бойынша, бұл қаражат халық пен ұйымдардан балаларға, мүгедектігі бар жандарға, су тасқынынан зардап шеккендерге және Таяу Шығыстағы қақтығыстар салдарынан көмекке мұқтаж болғандарға қайырымдылық ретінде жиналған.

Бұған дейін Бас прокуратура қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолдаған болатын.

Сондай-ақ, сот процесінің тікелей эфирде өтуі де мүмкін екені хабарланған еді.