Спорт • Бүгін, 12:52

Ел таеквондошылары медальға бір қадам жетпей қалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық әлем кубогі 7 шілдеде басталған, бүгін аяқталады, деп жазады Egemen.kz.

Ел таеквондошылары медальға бір қадам жетпей қалды

Фото: olympic.kz

Аталған әлем кубогінде бүгін Қазақстан құрамасы (Мерген Ғаниев, Абдурахман Марипов, Камила Аймукашева, Аида Таукенова) аралас командалық сайыста Өзбекстан құрамасына 2:1 көрсеткішімен есе жіберді.

Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы (Нұрбек Хазез, Мерген Ғаниев, Бекасыл Ергеш, Абдурахман Марипов) қола медаль үшін болған сайыста Марокко спортшыларын ұтып, қола жүлдегер атанған, сөйтіп желтоқсан айында өтетін әлем кубогінің финалына жолдама алған болатын.