Елорда • Бүгін, 08:20

Тұрғындарға тосынсый

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана күні қарсаңында елордада коммуналдық сала қызметкерлеріне арналған ерекше нысан ашылды. Абай даңғылы мен А.Янушкевич көшесі қиылысынан орын тепкен «Ком­муналдық қызметкерлер ­аллеясы» тұр­ғындардың көзайымына айналды десе де болғандай.

Тұрғындарға тосынсый

Бұл – еңбегі көпшілікке көрінбесе де, әрбір тұрғынның күнделікті өмірінде аса маңызды рөл атқа­ратын мамандарға деген құрмет пен алғыс рәмізі. Қала күніне орай ашылуы­ның мәні де соны меңзейді.

Жоба аясында жол бөлігі кеңейтіліп, 70 көлікке арналған автотұрақ, 33 жарық шам, 18 жиынтық орындық пен қоқыс жәшігі орнатылды. Сонымен қатар балалар мен спорт алаңдары, воркаут аймағы, 7 жаттығу құрылғысы жабдықталды.

2018 жылы қаланың 20 жылдығы мен «Астана су арнасы» кәсіпорнының 60 жыл­-
дығына орай орнатылған «Су арнасы» монументі де көрнекті орынға ауыс­­тырылып, қайта орналастырылды.

«Сала ардагерлеріне – осы істің бастауын­да тұрған, білімі мен тәжірибесін кейінгі ұрпаққа мұра еткен жандарға ерекше алғыс білдірдім. Бұл аллея – елорда тіршілігінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп жүрген қарапайым еңбек иелерінің еңбегіне деген ризашылықтың нақты көрінісі», деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.