Қоғам • Кеше

Қауіпсіздік инфрақұрылымын дер кезінде жаңғырту маңызды – Мәжіліс депутаты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында қауіпсіздік және инфрақұрылым саласындағы бірқатар негізгі нысанның қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қауіпсіздік инфрақұрылымын дер кезінде жаңғырту маңызды – Мәжіліс депутаты

Олжас Құспеков қазақ-қырғыз шекарасындағы «Бесағаш» автомобиль өткізу бекетіне ерекше назар аударды. Өткізу пунктінің инфрақұрылымын аралап, жұмысшылармен әңгімелесті.

ъ

«Бақылау бекеттерінің тиімді жұмысы – тек материалдық-техникалық қамтамасыз ету ғана емес, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі. Бұл саладағы инфрақұрылымды дер кезінде жаңғырту маңызды», деді О.Құспеков.

 Бұған дейін депутат ескірген шекара заставаларын қайта жаңғырту және жаңадан салу мәселесін Мәжілісте көтерген болатын. Бүгінде бұл жобаны биыл іске асыру шаралары тиісті органдармен бірлесіп қарастырылып жатыр.

х

Сапар барысында Олжас Құспеков Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №5513 әскери бөлімі мен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің әскери кафедрасында болып, кадр даярлау және жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мәселелерін талқылады.