Әскер • Бүгін, 12:07

Биыл Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 25 жыл толады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 25 жылдығына орай 35-десанттық-шабуылдау бригадасының базасында салтанатты шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 25 жыл толады

фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Іс-шараға құрметті қонақтар, ардагерлер, әскери қызметшілер және жастар қатысады.

Бағдарламада:

  • Салтанатты митинг;

  • Жауынгерлік шеберліктерді көрсету;

  • 35-десанттық-шабуылдау бригадасы әскери қызметшілерінің плацқа парашютпен қонуы;

  • Әскери және шығармашылық ұжымдардың концерті.

Іс-шараға сынақшы-ұшқыш, ғарышкер, Халық қаһарманы генерал-лейтенант - Талғат Мұсабаев, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасының кеңесшісі - Бейбіт Баяндин, Халық қаһарманы подполковник - Азамат Жұмаділов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – Алуа  Байқадамова, парашютші-спортшы, Қазақстанның және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы - Ирина Филина шақырылды.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі басшылығы және Қарулы күштер ардагерлері қатысады.

Айта кетейік, іс-шара 5 шілде күні сағат 09:00-де 32363 әскери бөлімшесінде өтеді.