Жасанды интеллект • Бүгін, 11:16

ЖИ базасында алғашқы тегін заңгерлік онлайн-сервис іске қосылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

LegalExpert.kz сервисін – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ItByDesign компаниясының IT-мамандарының командасымен бірлесіп іске қосты. Жасанды интеллект базасындағы жүйе жұмыс берушімен болған әдеттегі проблемалардан бастап, азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық құқық саласындағы неғұрлым күрделі жағдайларға дейін нақты уақыт режимінде шешуге көмектеседі, деп жазады Egemen.kz.

ЖИ базасында алғашқы тегін заңгерлік онлайн-сервис іске қосылды

Фото: Облыс әкімдігі

Пайдаланушы LegalExpert.kz сайтына кіріп, электрондық пошта арқылы тіркеліп, өз сұрағын еркін түрде қояды. ЖИ сұрауды талдайды, қажет болған жағдайда нақтылау сұрақтарын қояды және екі минуттың ішінде қадамдық нұсқаулықты, заңдарға сілтемелерді, сот шешімдерінің мысалдарын және тіпті істің ықтимал нәтижелерінің болжамын береді. Сервис қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейді, ал мәтіндер пайдаланушының құқықтық сауаттылығы деңгейіне бейімделген.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше LegalExpert.kz, әрине, толыққанды заң көмегін алмастырмайды, бірақ бүкіл ел бойынша заңгерлерге күн сайын келіп түсетін жиі кездесетін сауалдарға жауап береді.

«Заңгерлерге жүгінудің 70%-дан астамы – жалақы төлемеу, ажырасу, алимент, жұмыс берушілермен және мемлекеттік органдармен дау. Біз 100 мыңнан астам сот шешімін талдадық және мұндай жағдайларда тегін және тез көмектесетін жүйе құрдық. Енді әрбір отандасымыздың кез келген құрылғыдан: смартфоннан, планшеттен немесе компьютерден қол жетімді заңды көмекшісі бар», дейді аталған университеттің профессоры, жоба авторларының бірі Лариса Құсайынова.

Сервис Қарағанды облысында пилоттық режимде іске қосылды, бірақ ол Қазақстанның барлық тұрғындары үшін ашық –  legalexpert.kz  сайтына тіркелсе жеткілікті.