
Екі елдің шекарасы Тынық мұхиты жағалауынан Атлант мұхитына дейінгі аумақты қамтиды. Ең қызығы – шекараның бір бөлігі Аляска арқылы өтеді. Яғни бұл шекара екі елдің негізгі материгін ғана емес, АҚШ-тың Аляска штатымен Канаданың солтүстігін де байланыстырады. Кей тұсында бұл шекара тығыз орман, өзен-көл, тіпті адам аяқ баспаған жабайы табиғат арқылы өтеді. Екі ел арасында қоршау да, бекініс те жоқ. Көп жағдайда белгі ретінде шекара сызығының бойына орнатылған тақтайшалар мен тіректер ғана бар.