Дін • Кеше

Өзгермелі әлемде қасиетті мұраларды сақтау маңызды - Дархан Қыдырәлі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі «Рухани дипломатия мен әлемдік және дәстүрлі діндердің қасиетті мұрасын сақтау» тақырыбында өткен халықаралық конференцияға қатысты. Діни конфессиялар, ғылыми қауымдастық, дипломатиялық топтар және азаматтық сектордың өкілдері дінаралық диалог саласындағы сын-қатерді, сондай-ақ жаһандық бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтудағы рухани дипломатияның маңызын талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Өзгермелі әлемде  қасиетті мұраларды сақтау маңызды - Дархан Қыдырәлі

Конференцияда сөз сөйлеген Дархан Қыдырәлі Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қарсаңында өткен кездесудің ерекше мәні бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен діндер арасындағы өзара түсіністік қағидаттарын ілгерілетуде конференцияның маңызы зор.

«Мемлекет басшысы дінаралық диалогқа, келісім мен өзара түсіністікке ерекше мән береді. Бұл бағытта Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы мен Парламент Сенаты тарапынан ауқымды жұмыс атқарылуда. Мұсылман ақсақалдар кеңесінің қызметі де Қазақстанның рухани дипломатия саласындағы бағыт-бағдарымен үндес болып отыр. Өзгермелі әлемде рухани бағдарлар мен қасиетті мұраларды сақтау маңызды», деп атап өтті Дархан Қыдырәлі.

Конференцияға қатысушылар шара соңында мұндай диалог алаңдары діндер арасындағы сенімді нығайтуға, қоғамдағы толеранттылық деңгейін арттыруға және тұрақты бейбітшілік пен рухани келісім үшін берік негіз қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірді.