Аймақтар • Кеше

«Баспалар үйінің» акциялары мемлекет меншігіне қайтарылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы «Баспалар үйі» («Баспа үйі») акционерлік қоғамының 100 пайыз акциясын мемлекет меншігіне қайтаруды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Баспалар үйінің» акциялары мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: Жоғарғы Сот

Мемлекетке тиесілі акциялар 2016 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің меншігінде болған. Алайда аталған жылы жалпы құны 2,6 млрд теңге болатын акциялар жеке тұлғаның меншігіне заңсыз және нарықтан төмен бағамен өткен.

Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында прокуратура тиісті тексеру жүргізіп, мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берген. Бірінші сатыдағы сот прокурорлардың уәжін негізді деп тауып, мәмілені жарамсыз деп таныды.

Апелляциялық саты соты да бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырып, прокуратураның талаптарын толығымен қанағаттандырды. Осылайша, сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Соңғы жаңалықтар

Маңдайалды механизатор

Маман • Бүгін, 10:15

Экологиялық таза үй

Құрылыс • Бүгін, 10:00

Жазушының жүрек үні

Зерде • Бүгін, 09:55