
Фото: Oqu-agartu ministrligi
Жыл басталғалы осындай курстардан 31 мыңнан астам мұғалім өтті, ауыл мектептері педагогтерінің үлесі жалпы санның 56 пайызын құраған.
Сала министрлігінің мәліметінше, бағдарламалар – бастауыш сынып мұғалімдерінен бастап қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық пәндер педагогтеріне дейін қамтиды, бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық сауаттылық бойынша курстарды таңдаған.