Оқиға • Кеше

Екі шетелдік зейнеткерді алдап, қомақты қаржысын иемденген

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алаяқтыққа қатысты қылмысты – Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері алматылық әріптестермен бірлесіп ашқан. Алматы қаласында ұсталған көрші елдің екі азаматы 77 жастағы Қарағанды тұрғынын алдап, қомақты қаржысын иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz

Екі шетелдік зейнеткерді алдап, қомақты қаржысын иемденген

Фото: Polisia.kz

Алаяқтар өздерін банк қауіпсіздік қызметінің өкілі ретінде таныстырып, әйел адамға қоңырау шалып, жинақтарын «қорғау» қажет деген сылтаумен барлық қаражатын өз еркімен беруге көндірген. Зейнеткер бастапқыда өзіне алаяқтық жасалғанына сенбеген. Полицейлермен ұзақ әңгімелескеннен кейін ғана алданғанын түсінген.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша тінту барысында күдіктілерден жалпы сомасы 22 миллион теңге тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Алакөлге шаршамай жетесіз

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Қанасқа қатынау жеңілдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Өндіріс қалдығы азаяр емес

Экология • Бүгін, 08:40

Желмен жүретін пойыз

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35