Айбын • Кеше

Бүгін – Әскери-әуе күштері күні

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дәл осы күні Әскери-әуе күштері кәсіби мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 2 шілдеде Әуе қорғанысы күштерінің Әскери-әуе күштерін құру туралы директива шықты. Содан бері әскери авиация кең ауқымды тапсырмаларды шешуден, қабілетті заманауи қуатты құрылымға дейінгі жолдан жүріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін – Әскери-әуе күштері күні

Фотолар: Қорғаныс министрлігі

Әуе күштерінің негізгі міндеті – әуе кеңістігін қорғау, стратегиялық маңызды нысандарды бүркемелеу. Құрлық әскерлерінің әрекетіне қолдау көрсету.

gov.kz

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бөлімшелер заманауи ұшақтармен және тікұшақтармен жабдықталған. Олардың қатарында көпфункционалды Су-30СМ, Су-27 жойғыш ұшақтары, L-39 оқу-жауынгерлік, Ми-171Ш және Ми-35М көліктік-жауынгерлік және соққы беруші тікұшақтары, сондай-ақ Airbus Military шығарған А-400М ұшақтары бар.

Әскери-әуе күштері үшін кәсіби кадрларды Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында даярлайды. Институт түлектері ұшқыштар, штурмандар, техниктер және әскери авиация құрамының басқа да маңызды санаттарының қатарын толықтырады.

Өзгермелі геосаяси жағдайда әуе күштері дамуын жалғастырып жатыр. Осыған сәйкес оқу бағдарламалары қайта қаралды. Дайындықтың жаңа әдістемелері енгізіліп, халықаралық және түраралық оқу-жаттығуларға қатысу жанданып отыр. Мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға, одақтастармен қарым-қатынасты шыңдауға және жауынгерлік дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан ұшқыштарының кәсібилігі мен адалдығын көрсеткен жарқын эпизодтардың бірі 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде болды. Күрделі ауа райы жағдайында тікұшақтар мен ұшақтардың экипаждары тұрғындарды су басқан елді мекендерден эвакуациялауды қамтамасыз етті. Бір айда 600-ге жуық ұшу орындалып, 3,5 мыңнан астам адам құтқарылды. Екі мыңға жуық маман және 280 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.

Аталған жетістіктердің артында ұшу және инженерлік құрам, байланысшы, метеоролог, техник және азаматтық қызметкерлер секілді үлкен ұжымның күнделікті жұмысы тұр. Олардың кәсібилігі  Қазақстанның сенімді және заманауи авиациясының негізі деуге тұрарлық.