
9–10 маусым күндері Қазақстанның спорт шебері, самбо күресінен Азия чемпионы, Қазақстанның түйе балуаны Ерболат Дүйсенбаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 2012–2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Ақсуат ауданының ашық турнирі болып өтті.
Турнирде Семей қаласы, Тарбағатай ауданы, Екпін, Құмкөл, Ойшілік, Тана Мырза, Қарғыба, Кіндікті және Ақсуат ауылынан 60-қа тарта спортшы өзара күш сынасты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дайындалған дипломдар, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Турнирде «Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациясымен Серік Шыңғыс және Қайратбек Бақдәулет, «Ең жас балуан» — Сержан Диас, «Үздік әдіс жасағаны үшін» номинациясымен Жарқынғазы Нұрғазы арнайы медальмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Абай облысы