
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі
Жаяу жүргіншілер жолдарын төсеу, асфальт астына геoторлар орнату, кіреберістерді асфальттау, бордюр орнату, жаңбыр суын ағызу жүйесі, жарықтандыру, орындықтар-қоқыс жәшіктерін орнату секілді бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп, жөндеу жұмыстары 158 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын қамтып отыр.
Бағдарлама қауіпсіздікке басымдық береді. Аула кеңістігін жайлы ету арқылы жергілікті билік балалардың үй маңында еркін ойнауына, ата-аналардың олардың қауіпсіздігіне алаңдамауына жағдай жасауды көздейді.
Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше абаттандыру жұмыстары мұнымен шектелмек емес: келесі жылы тағы 100 аула жөнделмек.
Көгалдандыру жұмыстарына да ерекше назар аударылып, ағаштар мен бұталар отырғызу жоспарға енгізілген. Бұл бағыттағы міндет тұрғын үй иелерінің бірлестіктеріне жүктеліп, жасыл аймақтар мен олардың күтімі үшін жауапты болады.