Оқиға • Бүгін, 15:50

Алматы облысында он жастағы баланы ит талаған

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Алматы облысына қарасты Жалпақсай ауылындағы футбол алаңындардың бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында  он жастағы баланы ит талаған

Фото: Ашық дереккөз

Тұрғындардың айтуынша, балалар футбол ойнап жүрген кезде алаңға бірнеше ит кіріп кеткен. 

Облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2014 жылы туған бала 30 маусым күні сағат 17:02-де Қарасай аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген. Алдымен реанимацияға жатқызылып, кейін травматология бөліміне ауыстырылған.

«Бүгін, 1 шілдедегі жағдай бойынша баланың жалпы жағдайы – алған жарақаттарына байланысты орташа ауыр. Қазіргі таңда хаттамаларға сәйкес ем қабылдап жатыр», делінген басқарма хабарламасында.