Әлем • Бүгін, 12:20

Трамп Сирияға қарсы кейбір санкцияларды алып тастады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға қатысты 2004 жылдан бері қолданыста болған бірқатар санкцияларды тоқтату жөнінде жарлыққа қол қойды. Бұл шешім Ақ үй таратқан ресми мәлімдемеде жария етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Трамп Сирияға қарсы кейбір санкцияларды алып тастады

Фото: Ашық дереккөз

АҚШ әкімшілігінің мәлімдеуінше, бұл қадам Сирияның бейбітшілік пен тұрақтылыққа бағытталған ұмтылысын қолдау мақсатында жасалған. Президент жарлығы аясында кейбір тауарларға салынған экспорттық шектеулер жеңілдетіліп, елге көрсетілетін шетелдік көмекке қойылған тосқауылдар алынып тасталды.

Сонымен қатар, АҚШ билігі Сирия үкіметін Израильмен қарым-қатынасты реттеуге және халықаралық лаңкестікке қарсы күресті күшейтуге үндеді.

Алайда, Мәскеуге бас сауғалаған Сирия президенті Башар Асад пен оның жақтастарына қатысты санкциялар өз күшінде қалатыны атап өтілді.