Байқау • Бүгін, 08:10

Сүтемген салған соқпақпен

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ол – Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің, Ғарышкерлер музейінің және «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Қ.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейдің алғашқы директоры. Ұзақ жыл архивтік тарихи құжаттар мен құнды қолжазбалар жинап, зерттеп, ел кәдесіне жаратты.­ Бүгінгі Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейі­нің негізін қалады. Ұлытаулықтар Сүтемген Бүкіров есімін сол үшін құрметтейді.

Сүтемген салған соқпақпен

Өлке тарихын тірнектеп жинап, аймақтағы музей ісінің негізін қалап, аты аңызға айналып кеткен айтулы тұлғаны кейінгі ұрпақ дәріптеп келеді. Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Туған өлке тарихының шырақшысы» атты өлкетанушы Сүтем­ген Бүкіров атындағы I Жас өлке­танушылар форумы өтті.

Облыстық форумға «Жас өлке­танушы» атағына үміткер 26 оқушы­ның мақаласы келіп түсті. Ізденушілер Ұлытау өңірінің тарихи орындарын, жәдігерлерін, осы өңірде өмір сүр­ген тарихи тұлғалардың өмір жолдарын зерттеуге тырысқан. Байқауға ­техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ­станның құрметті металлургі Төле­ген Бүкіров, М.Төрегелдин атын­дағы тау-кен және балқыту ісі та­ри­хи музейі­нің басшысы Зейпін Қа­зан­­баева бастаған археолог, өлке­тану­шы­лар қазылық етті. Олар жас өлке­тану­шы­лар­дың туған топы­рағының тарихын зерттеуге деген қызығушылы­ғын, түй­ге­нін терең жеткізе білу қабілетіне, ізде­нім­паздығына, зеректігіне аса мән берді. Жоба қатысушыларына экскурсия бөлі­мінің басшысы Э.Мұхаме­ди­на мен тарих және археология бөлі­мі­нің аға ғы­лыми қызметкері З.Ерзакова экскур­сия жасап, музей залдарын аралатты.

Жүлдегерлер мен қатысушыларға ақшалай сыйақы табыс етілді. Сыйлық алып, кеудесіне «Жас өлкетанушы» белгісі тағылған балғындардың жүздері балбұл жанды.

Әкесінің атындағы форумға арнайы келген Гүлнәш Әубәкір апай жас өлке­танушыларға сәттілік тілеп, музей ұжы­мына «Қазақстанның Алтын кітабы» атты көлемді энциклопедия сыйлады.

Ұлытау облысының тарихи-ар­хео­логиялық музейі Жезқазған, Сәт­­­баев, Қаражал қалаларынан, Жаңа­арқа ­ау­­да­ны, Жезді, Жәйрем кент­­терінен, Талап, Кеңгір, Ералиев ­ауыл­дары­­­­­­нан қатысқан талапкер­лер­дің мақа­ла­ла­рынан «Туған өлке тарихы­ның шы­рақшысы» атты жинақ құрасты­­рып, қаты­сушыларға сыйлады.

Жас өлкетанушылар туған жердің тарихымен етене танысу үшін «Туған өлкемнің туристік маршруттары» атты бағытпен Теректі әулие мекеніне ­экс­курсияға шықты.

 

Ұлытау облысы