Марапат • Бүгін, 11:10

Ақпарат майталмандары марапатталды

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елорда төрінде журналистер құрметтелді. Мерекеге орай бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» және «Еңбек ардагері» медалі, сондай-ақ «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

Ақпарат майталмандары марапатталды

Айтулы күнде республиканың түкпір-түкпірінен келген БАҚ саласының қызметкерлері Орталық коммуникациялар қызметі алаңына жиналды. Алыс-жақыннан жеткен журналистер арқа-жарқа қауышып, амандасып жатты. Мемлекеттік наградаларды Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов табыстады.

– Біз бүгін ақпарат заманында өмір сүріп жатырмыз. Мұндай кезеңде журналистиканың рөлі бұрынғыдан да арта түспек. «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты», деп Міржақып Дулатұлы айтпақшы, сіздердің қоғамдағы орындарыңыз өте зор. Шын мәнінде, «Төртінші билік» атына лайық екендеріңізді дәлелдеп жүрсіздер. Мемлекет басшысының реформаларын жан-жақты халыққа жеткізуде БАҚ үлкен рөл атқарып отыр. Сондықтан осы мемлекетте тұратын әрбір азамат сіздердің жұмыстарыңызды бағалайды. Өйткені сіздер арқылы қоғамның көптеген өзекті мәселелері айтылады және бұл мемлекеттік органдардың жұмысын жандандырып, жетілдіруге ықпал етеді. Сондықтан осы маңызды еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін, – деді Қанат Ысқақов.

Құрмет алдымен журналистика саласының дамуына сүбелі үлес қосқан майталмандарға көрсетілді. «Құрмет» ордені «Қазақ» радиосының ардагері Күлаш Молдахметоваға, «Qazaqstan» ұлттық арнасының жетекші редакторы Шерхан Абделиевке, «Вечерняя Астана» газетінің бас редакторы Лариса Увалиеваға табысталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалін «7 ар­наның» бас режиссері Ержан Абашев, «Atameken Busines» телеарнасының промо бөлімінің басшысы Гүлсім Ахметжанова, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары Қамбар Ахметов, «Хабар» агенттігі АҚ дизайн және телевизиялық графика департаментінің жетекші дизайнері Айнаш Жайлыбаева, «Atameken Business» телеарнасының қоошы-операторы Виктор Джигирис, «Qazaqstan» телеарнасының басқару­шы директоры Айдын Егізова, «Хабар» агенттігі АҚ өндірістік дирекция бөлімінің басқарушы директоры басшысының орынбасары Еділ Ермекбаев, Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Илия Есмағұл, «Atameken Business» медиа холдингінің қаржы директоры Бағила Исанова, «Atameken Business» телеарнасының продюсері Гүлнұр Исламова, Талдау және ақпарат орта­лығының директоры Михаил Комис­саров, «ҚазАқпарат» халық­аралық агенттігінің өңірлік тілшісі Есімжан Нақтыбай, «Казахстанская правда» газетінің шеф-редакторы Марина Пархоменко, «Elorda Aqparat» ЖШС-ның фототілшісі Сұлтанбай Сейітов, «bairaqmedia.kz» сайтының бас редакторы Ербол Сейілхан, «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Олжас Сыдықбек және «ЮрИнфо» компаниясының бас директоры  Михаил Коломин иеленді.

Ал «Astana aqshamy» газетінің шолушысы Гүлмира Аймағанбетке, «Aiqyn» газетінің беттеушісі Асель Алтышеваға, «Egemen Qazaqstan» газеті­нің интернет-редакция  жетек­шісі Динар Керімге және Президент жанындағы «Орталық коммуникация­лар қызметі» РММ арнайы жобалар қызметінің бас сарапшысы Әділет Төлегенге «Шапағат» медалі бұйырды.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін «24KZ» телеарнасының шеф-редакторы Мәншүк Сайфуллина, «Qazsport» телеарнасы редакторлық бөлімінің шеф-редакторы Азат Смағұлов, «Астана қаласының теледидары» ЖШС ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар директоры Жұрағат Баман, «Еуразия+Орт» ЖШС жаңалықтар жүргізушісі Ғалым Қалменов, «Tengrinews.kz» шығарушы-редакторы Әсел Сатаева, «Айқын» газетінің тілшісі Тілекгүл Есдәулет,  Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі Индира Омарова алды.

Сонымен қатар жиында «Еңбек ардагері» марапатын «Мир» телера­диокомпаниясының бас операторы Марат Кураков иеленді.

Бұл марапаттар – журналистердің тек күнделікті еңбегінің емес, ел мүддесі жолындағы тынымсыз ізденісі мен азаматтық ұстанымының бағалануы. Ақпарат кеңістігінде халық пен билік арасын жалғайтын алтын көпірге айналған қаламгерлер қауымы дәл осындай құрметке әбден лайық. 

Соңғы жаңалықтар

Шекарасыз ақпараттық майдан

Басылым • Бүгін, 11:20

Нейрожелі БАҚ-тың бағын байлай ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 10:50

Журфак сабақтастығы

Пікір • Бүгін, 10:40

Жәдігерлер жоқшысы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 10:30