Тұлға • Бүгін, 10:20

86 жастағы журналист

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлытау облысының абыз ақсақалы, ақын, «Құрмет» ор­денінің иегері, Қазақстанның құр­метті журналисі, Ұлытау ауда­нының құр­метті азаматы, Журналистер ода­ғының мүшесі, бір­неше кітаптың авторы Мағзұмбек Машайықұлының жур­на­лис­ти­кадағы еңбегі ерен.

86 жастағы журналист

Мағзұмбек Машайықұлы әлі тұғырдан тайған жоқ. Жасы 86-ға келсе де, қолынан қаламын тастамай еңбек етіп жүр. Оның журналистика саласында қыз­­­мет істеп келе жатқанына 62 жыл.

«Әлі күнге дейін жұмыс істеп жүрмін. Үкімет қыз­метімді елеген шығар, «жұмыс істей беріңіз» деп рұқсат берді. Өмірімнің басым бөлігін өткізген газет менің тәрбиешім болды. Халықтың арасында елдің тыныс-тіршілігін біліп, өзің де сабақ алып, содан есейеді екенсің. Журналист – өте құрметті мамандық. 40 жыл «Ұлытау өңірі» газетінде редактор, 14 жыл редактордың орынбасары болдым. Қазір кеңесші болып жұмыс істеймін әрі мақала жазып тұрамын. Газет­­­­тегі қызмет менің атағымды шы­ғаруға ықпал етті, көптеген ақын-жазушы – Мұхамеджан Қаратаев, Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Қадыр Мырзаәлі, Зейтін Ақышев, Ақселеу Сейдімбеков сияқты қаламгерлермен бірге жүрдім, дос, сырлас болдым. Мені Алма­­тыға алып кетеміз де­ген­дер­­­ден бас тарттым. Оларға өзімнің туған жерімде, өзімнің өсіп-өнген ортамда, қасиетті Ұлытауымның бауырында еңбек ете беремін дедім. Еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» – мықты газет. Әлі күнге дейін мақала жіберіп тұрамын. «Социалистік Қазақ­стан» газеті болып тұрғанда да, мақала жазып тұрдым. Ел газеті көптеген азаматты тәрбие­леп шығарды. Халықтың мұң-мұқтажын жоқтады. Сон­дық­тан барлық қаламгерге шығар­ма­шы­лық табыс тілеймін», деп ақ батасын берді абыз ақсақал.

Бұқаралық ақпарат құ­рал­дары қызметкерлерінің күні қарсаңында Жез­қазған қала­­сында Ұлытау облысы әкімі Дастан Рыспеков «Ūlar» сыйлығын табыстап, сол қатар­да Ұлытау облысы журна­лис­­­тикасын дамытуға қосқан үлесі үшін 1 млн теңге ақшалай сый­ақы­мен  Мағ­зұм­бек Машайықұлын марапаттады.

 

Ұлытау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Шекарасыз ақпараттық майдан

Басылым • Бүгін, 11:20

Нейрожелі БАҚ-тың бағын байлай ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 10:50

Журфак сабақтастығы

Пікір • Бүгін, 10:40

Жәдігерлер жоқшысы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 10:30