Аймақтар • Бүгін, 08:50

Семей көшелерінде – заманауи көліктер

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығының көшелеріне жаңа 44 автобус шықты. Жаңа көліктер №24, №4, №35, №12 бағыттарда жолаушы тасымалдауға маусым айының соңында кіріседі.

Семей көшелерінде – заманауи көліктер

Қазір қала аумағында 42 маршрут жұмыс істейді. Оған 331 автобус тартылған. Облыс орталығында бес тасымалдаушы жолаушыларға қыз­мет көрсетеді. Дегенмен Семей­дің автобус паркі кейінгі алты жылда жаңар­маған, жаңа автобус алынбаған.

Облыс әкімдігінің қолдауымен «Авто Транс Семей» ЖШС Семей­де жасалған 44 жаңа автобусты сатып алып, қаланың көлік жүйесін жаңартты. Жаңа көліктер қала тұр­ғын­дарына жайлы салқындату жүйе­сімен жабдықталған. Енді Семей жұрты алғаш рет салқын­дат­қышы бар автобус­тармен жүретін болады. Өңір басшысы алда қала автобусы кезең-кезеңімен жаңартыла беретінін айтты.

– Осыдан бір ай бұрын облыстың даму жоспарын таныс­тыр­ған кезде қаланың автобус паркін жаңартамыз деп уәде берген едік. Енді міне, 44 авто­бусты қала көшелеріне жібергелі тұрмыз. Оның 30-ы үлкен, 14-і шағын автобус. Бәрі де өзіміздің Семейде шығарылған, сапалы, бәсекеге сай автобустар. Бұл көліктерге басқа облыстар да қызығушылық танытып отыр. Бірақ зауыт басшылығы бірінші болып бізге осындай мүм­кіндік туғызды, – деді облыс әкімі Берік Уәли.

Көліктердің тағы бір ерекшелігі, Абайдың 180 жылдығына орай авто­бус­тардың сырты ұлы ақын бейнесі бар логотиппен безен­діріл­ген. Әкімнің айтуынша, жыл соңына дейін қаладағы жаңа авто­бус­тардың саны 70-ке жетіп, келер жылға тағы да 50 автобус халық игіліне жаратылмақ.

 

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Шекарасыз ақпараттық майдан

Басылым • Бүгін, 11:20

Нейрожелі БАҚ-тың бағын байлай ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 10:50

Журфак сабақтастығы

Пікір • Бүгін, 10:40

Жәдігерлер жоқшысы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 10:30