Қоғам • Бүгін, 19:50

Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне диплом табысталды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 27 маусым күні ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік басқару академиясының түлектеріне диплом табысталды

Фото: Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі

2024–2025 оқу жылында Мемлекеттік басқару академиясында 109 магистрант пен 4 докторант сәтті диплом қорғап, оқуын тәмамдады.

1

Салтанатты диплом тапсыру рәсімінің ашылуында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай түлектерге ақ жол тілеп, мемлекеттік қызмет жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтты.

Р

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қабылданып жатқан өзгерістер аясында Академияны үздік бітірген түлектер енді өңірлік деңгейдегі басшылық қызметтерге конкурстан тыс тағайындала алады.

Академия ректоры Азамат Жолманов түлектерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ түлектерге диплом табыстау үшін арнайы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Әсетұлы Бақаев, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Асан Көбентайұлы Дарбаев шақырылды.1

Академияда «Мемлекеттік саясат» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураны тәмамдаған Айсана Рахимова өңіріне оралып, мемлекеттік қызметтегі еңбегін жалғастырмақ.

«Бүгін біз үшін қуанышты, ерекше күн. Академия басшылығына, профессорлық-оқытушылық құрамына білім алушыларға берген зор мүмкіндігі үшін мың алғыс. Енді Павлодар өңіріне оралып, қызметімді жалғастырмақпын», деді Академия түлегі. 

Атап өтейік, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2025-2026 оқу жылына магистратураға және докторантураға оқуға құжат қабылдау осы жылдың 25 маусымына дейін жүргізілді. Жаңа оқу жылына мемлекеттік қызметшілер үшін 132 грант (магистратураға – 120, докторантураға – 12) бөлінді.

Соңғы жаңалықтар