Жәдігер • Бүгін, 17:15

Парис сандықшасы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта ғасырлардағы өнер туындыларының арасында сүйектен қашалған, морен ағашы мен мүйізбен инкрустацияланған сәнді сандықшалар айрықша орын алады. Осындай көздің жауын алар жәдігердің бірі – Парис өмірінің драмалық сәттері бейнеленген үйлену сандықшасы, деп жазады Egemen.kz.

Парис сандықшасы

Бүгінде ол АҚШ-тың Балтимор қаласындағы Уолтерс өнер мұражайының қорында сақтаулы. XV ғасырдың бірінші жартысында Венецияда Эмбриаки жанұясының шеберханасы ауқаттылар мен ақсүйектерге арнап, сүйектен және сирек кездесетін ағаш түрлерінен жасалған қымбат бұйымдар сериясын шығарған. Шеберлер классикалық мифологиялық сюжеттерді бейнелеп, әр туындыны нағыз көркем туындыға айналдырады.

Сандықшада Паристің балалық шағы мен кейінгі тағдыры көрініс тапқан. Аңыз бойынша Паристі туған кезде ата-анасы тастап кетеді, бірақ ол тірі қалады. Есейген соң ол Спарта патшайымы Еленаны ұрлап кетіп, Грекия мен Троя арасындағы үлкен соғыстың басталуына жол ашады.

Орта ғасырда мұндай аңыздар өнер туындысына айналып, адамдар арасында кең тарайтын болған. Жоғары тап өкілдері жастардың құрған отауы берік болсын деп сандықшаны қалыңдыққа сыйға тартатын. Ішіне неке жүзіктері, асыл тастар не отбасылық жәдігерлер салынған. Қақпағындағы екі бос қалқанға жас жұбайлардың махаббат рәміздері бояумен түсірілетін, алайда жүз жылдан аса уақыт өте келе бояу іздері өшіп кеткен.

Соңғы жаңалықтар