Білім • 27 Маусым, 2025

Өңірлерде тағы 1000 мектеп жаңғыртудан өтеді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында еліміздің шағын қалалары, аудан орталықтары мен ауылдарындағы мектептерді жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. 2025–2026 жаңа оқу жылында тағы кемінде 1000 мектеп жаңғыртудан өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлерде тағы 1000 мектеп жаңғыртудан өтеді

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Бұл бастама ауыл мен қала арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жаңғырту жұмыстары жеті негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Жаңғырту аясында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды, қауіпсіздік жағдайларын жақсарту қарастырылған.

Осылайша, 2025–2026 оқу жылында робототехника, химия, биология, физика және STEM бағыттары бойынша 1000-ға жуық заманауи пәндік кабинет сатып алу жоспарлануда. 509 мектептің кітапханасын, 375 мектептің асханасын жаңғырту, 598 мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу, 409 мектептің жиһаздарын жаңарту жоспарланған.

Аталған жобаның нәтижесінде 369 мың оқушының оқу және тәрбиелену жағдайын жақсарту көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше