Оқиға • Бүгін, 12:05

Жекешелендіру жоспарын жедел іске асыру керек - Әлихан Смайылов

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары аудиторлық палата 2021–2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру қарқынын жеделдету қажет деп есептейді. Бұл туралы Палата төрағасы Әлихан Смайылов Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутат сауалына жауап бере отырып мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жекешелендіру жоспарын жедел іске асыру керек - Әлихан Смайылов

Фото: Жоғары аудиторлық палата

Оның айтуынша, кешенді жоспардың орындалуы тұрақты бақылауда. 2025 жылдың басында жоспар 72%-ға орындалған.

«637 нысанның 460-ы жекешелендірілді немесе таратылды. Бұл – республикалық, коммуналдық меншіктегі нысандар мен квазимемлекеттік сектор активтері», деді Әлихан Смайылов.

2024 жылы жалпы құны 589 млрд теңге болатын 14 нысан бәсекелестік ортаға берілген. Оның ішінде 517 млрд теңге – «Қазақтелеком» АҚ-ның Tele2 мобильді операторы үлесін катарлық инвесторға сату есебінен түскен.

«Осы соманың 158 млрд теңгесі республикалық бюджетке дивидендтер түрінде аударылды. Бұдан бөлек, аталған мәміле бойынша 76 млрд теңге корпоративтік табыс салығы ретінде төленді. Бұл – сатылған активтің қайта бағалануы нәтижесінде түскен салық. Қалған қаражат шартқа сәйкес биыл және 2028 жылға дейін түседі», деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Оның айтуынша, Кешенді жоспарды толық орындау үшін тағы 177 нысанды бәсекелестік ортаға беру қажет. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата бұл жұмысты жеделдетуді ұсынады.

Соңғы жаңалықтар