Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Нағыз әртіс

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атақты режиссер Константин Стани­с­лавский бірде шәкірттеріне тап­сырма беріпті. «Сендердің ақша­ла­рың сақтаулы тұрған «Император Банкі» өртеніп жатыр. Осы сәтте қандай күйде боласыңдар, соны этюд қылып көрсетіңдер», дейді.

Нағыз әртіс

Содан студенттердің бірі ойбайлап, екіншісі өкіріп, үшіншісі шелекпен су тасып, тағы біреулері қолын қайғыра сермеп жатады. Тек Василий Качалов қана аяқта­рын айқастырып қойып, жайбарақат отыра беріпті. Мұны көрген режиссер:

– Качалов! Сен неге көрініске қатыспай отырсың? – деп айқай салыпты.

– Қатысып отырмын, Константин Сергеевич.

– Онда неге банк өртеніп жатқанда алаңсыз отырсың?, дейді режиссер одан сайын қаһарланып. Сонда Качалов еш сас­пастан:

– Менің бұл банкте ешқандай да ақшам жоқ, – деген екен.

 

Соңғы жаңалықтар