Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Сатушысы жоқ дүкен

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Норвегияның ауылдық аймақ­та­рында, әсіресе шаруашылық фер­ма­лар жанында ерекше дүкендер бар. Ерек­шелігі сол, мұнда сатушы деген атымен болмайды.

Сатушысы жоқ дүкен

Норвегиялықтар бұл мәдениетті «tillit» деп атап кеткен. Бұл сөз «сенім» деген мағынаны білдіреді. Өйткені дүкенге келген сатып алушы өзі қалаған затын таңдап, құнын кәдімгі калькулятормен есептейді. Содан соң ақшаны арнайы жәшікке салып, есіктен шығып кете береді. Мұндай жүйе – жергілікті халықтың бір-біріне деген селкеусіз сенімінің айқын көрінісі.

 

Соңғы жаңалықтар