
Фото: Ашық дереккөз
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының деректеріне сәйкес, зілзаланың эпицентрі Қытайдың Тумшук қаласынан 215 шақырым батыс-солтүстік-батысқа қарай және Қырғызстанның Нарын қаласынан 104 шақырым шығысқа қарай орналасқан.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты болса, зілзала ошағы Жаңы-Жер жотасында, Нарын қаласынан 96 шақырым оңтүстік-шығыс бағытта орналасқанын нақтылады.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.