
Астана – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +22...+24.
Алматы – күндіз құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз +28...+30.
Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +30...+32.
Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Анда-санда тұман. Батыс, оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +24...+26.
Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 7-12, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +23...+25.
Атырау – күндіз құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 5-10, күндіз 9-14, екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +27...+29.
Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік жел секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +23...+25.
Қарағанды – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +18...+20.
Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11, күндіз +20...+22.
Қонаев – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +31...+33.
Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады түнде 2-7, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11, күндіз +24...+26.
Қызылорда – ашық. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +30...+32.
Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11, күндіз +23...+25.
Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +9...+11, күндіз +21...+23.
Семей – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 7-12 жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +26...+28.
Талдықорған – құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 7-12, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +29...+31.
Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +31...+33.
Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +31...+33.
Орал – күндіз құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +25...+27.
Өскемен – күндіз құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел оңтүстік-батыстан 7-12, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +26...+28.