
Бұдан бөлек, компания ерекше маркетингтік әдістерге де жүгінді. Мысалы, арнайы жалданған адамдар ақ дәрігерлік халат киіп, кезекте тұратын. Себебі бұл адамдарды көрген жұрт «тіпті дәрігерлердің өзі гамбургер сатып алып жатыр» деп ойлап, халықтың осы тағамға деген сенімі мен қызығушылығы арта түсті. Осылайша, «White Castle» компаниясы гамбургерді халыққа сенімді әрі «қауіпсіз» тағам ретінде таныта білді.