
Фото: otyrar.kz
Бұл туралы Үкімет отырысында айтқан Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың мәліметінше, 2024 жылдан бастап орман мелиорациялық жұмыстардың едәуір көлемі ірі компаниялардың қатысуымен бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылған. Жерсінуі мен өміршеңдік деңгейі жоғары сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында орман тәлімбақтарын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазалы қаласындағы 33 гектар алаңда қуаттылығы жылына 3 млн көшет болатын орман тәлімбағының құрылысы аяқталған. Биыл ауданы 15 гектар жаңа тәлімбақты жобалау, сондай-ақ орман мелиорациясымен айналысатын қызметкерлер үшін өндірістік модульдерді жеткізу жұмыстары жасалған.