
Жобаға аудан көлеміндегі 30- ға жуық түрлі саладағы жеке кәсіпкерлер өз өнімдерін шығарды. Олар өздерінің қолөнерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін және басқа да жергілікті өнімдерін таныстырды.
«Бір ауыл - бір өнім» жобасы ауыл экономикасын дамытуға және ауыл шаруашылығының әртүрлі бағыттарын насихаттауға бағытталған маңызды бастама. Жоба - ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік қабілетін арттыруға себепші болады. Түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар мен әдістер туралы ақпарат ұсынылды. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлер мен шаруашылық иелеріне өз өндірісін тиімді басқаруға және табысты болуға мүмкіндік береді.
Қатысушылар мен қонақтар жаңа өнімдер мен инновациялық шешімдерге қызығушылық танытты. Аталмыш жоба ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндіктер ашып, өз кәсібін дамытуға ұмтылған әрбір адамға маңызды қолдау болды.
Сонымен қатар мемлекет басшысының биылғы жылды «Жұмысшы мамандығы» жылы деп жариялануына орай Ғ. Жарылғапов атындағы аграрлық колледж өздерінің оқыту барысымен, жұмысшы мамандықтарын дайындау бойынша жүргізіліп жатқан оқыту теориясы және тәжірибелік дәрістерімен таныстырды.
Ұлытау облысы