
Фото: Ашық дереккөз
Мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінің қуаты 4,5 баллды құраған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ. Дегенмен, әлеуметтік желілерде зілзаланың әсері түсірілген бейнежазбалар тарап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін, 3 маусымда Түркияның Мугла провинциясында 5,8 балдық күшті жер сілкінісі болған еді. Сол оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алып, бір адам қаза тапқан.
Сондай-ақ, 23 сәуір күні Стамбұл маңындағы Мәрмәр теңізінде 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелген. Ол кезде 236 адам жарақат алғанымен, қаза тапқандар мен ірі қираулар тіркелмеген.