Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:58

ДНҚ-ны қалпына келтіретін ақуыз

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралиялық ғалымдар ми жасушаларын қалпына келтіретін ерекше «PDI» ақуызын тапты. Бұл ақуыз жасуша ішіне еніп, зақым­дан­ған ДНҚ-ны емдейді.

ДНҚ-ны қалпына келтіретін ақуыз

Ғалымдар оның көмегімен Альц­геймер мен Паркинсон сияқты нейро­дегенеративті ауруларды емдеуге болады деп үміттеніп отыр. Зерттеулерге сәйкес, бұл ақуызсыз жасушалар ДНҚ-ны қалпына келтіре алмайды, ал қайта енгізілгенде сауығу үдерісі басталады. Қазір ғалымдар осы «PDI» ақуызына негізделген гендік терапия жасап жатыр.