Мәдениет • 21 Маусым, 2025

Мәдениет

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Әлемдік мәдениет» ұғымы жоқ. Болмайды да. Мәдениет жекелеген елдерге, халықтарға ортақ.

Мәдениет

Таласбек Әсемқұлов бір пікірінде осы тақырыпты қаузайды. Яғни жаһандық мәдениет деген түсініктің жоқтығына, тек ұлттар мен ұлттық мәдениет қана барына тоқталады. Әр ұлт – өз мәдениетінің күзетшісі. Мәселен, иран музыкасы мен поэзиясынан ежелгі Хафиздік һәм Румилік сарындар байқалады. Олар әртүрлі форма түрін ауыс­тырса да, парсылық рухтан алыс қонбайды.

Қадыр Мырза Әлі бір сұхбатында ұлт ақындарының аздығын айтып бүй дейді. «Абай – ұлттың ақыны. Ал ұлттың ақыны сол өзінің ұлтына ғана тән болады да, басқа ұлтқа қанша тықпаласаң да сіңбейді. Дүние жүзінде ұлы ақындар көп, ал ұлт ақындары санаулы ғана. Мәселен, орыстарда да ұлы ақындар көп. Некрасовың да, Лермонтовың да, Маяковскийің де, Цветае­ваң да – бәрі ұлы ақындар. Ал ұлт ақындары аз. Үш-төрт ақыннан басқасын айта алмаймын. Пушкин, Есенин, Твардовский. Болды. Міне, осыларда орыстың рухы бар. Ал қал­ғандарында, жоғарыда айтқандай, Шығыстың ақындары сияқты, яғни олар – еуропалық ақын­дар». Расында, Пушкин жыр­лары орыс ойлау жүйесі­нің бірегей көрсеткішін­дей. Апполон Григорьев: «Пушкин – біздің барымыз», дегенде орыстың жанын, мұң-зарын айшықта­ған ақынын адақтаса керек. ­Бұл даусыз. Мәселен, Пушкин­­­нің орыс фольклорының ­әуе­зіне тұнған ертегілері, орыс ­сырына қаныққан поэмалары пікірімізге айғақ.

Ал Есениннің частушкалармен үндес ойнақы жырлары ішкі ел танымының қазанынан қайнап шыққан. Частушканы біздің қазақы қара өлең деп алсақ, ол елдің ары, иба-әдебінен, обал мен сауабынан жаралған. Қайбір орыс оқырмандары «Есениннен соң поэзия бізді тастап кетті» деген сөз айтады. Неге? Қазіргі жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай қаулаған Ресей жастары Есенинге емес, Маяковскийге еліктейді. Сондықтан да ел рухынан гөрі Еуропалық сазға, формалық «байлыққа» тартып кетті. Онан қалса Маяковский шекпенінен шыққан Бродскийдің мектебі біршама жастардың мысын жұтып алды.

Ұлттық мәдениет – бі­регей мәдениет. Біз әу баста Иван Бунинге Нобельді не үшін бергеніне жіті назар аударуымыз қажет-ақ еді... 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025