Қоғам • Бүгін, 09:40

Керек дерек

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отбасы банкінің жаңа интернет-порталы orken.otbasybank.kz іске қосылды. Платформа арқылы тұрғын үй кезегіне тұру үшін өтінімді толық онлайн режімде беруге болады.

Керек дерек

Ол үшін ЭЦҚ арқылы авторизациядан өту жеткілікті. Жүйе автоматты түрде аза­маттың үйі бар-жоғын, табысын, отбасы құрамын және мұқтаждық мәртебесін 14 түрлі мемлекеттік дерекқормен байланыстыра отырып тексереді. Өтініш қаралғаннан кейін шешім туралы хабарлама азаматтың телефонына 1414 қысқа нөмірінен «SMS» ар­қылы келеді. Онда өтінімнің мақұлданғаны немесе кері қайтарылғаны көрсетіледі. Қосымша ақпарат алу үшін «eGov Mobile» қосымшасын ашып, басты бетіндегі «Танымал қызметтер» бөлімінен тұрғын үй кезегіне қатысты анықтамалық мәліметтерді оқуға болады. Мұнда өтінім беру талаптары мен қажетті шарттар берілген.