
Ақтық сайысқа іріктеліп шыққан 350 бала хореография, вокал, аспаптық жанр, дәстүрлі ән және әлеуметтік бейне аталымдары бойынша сынға түсті. Дарынды балалардың өнер жолындағы қадамдарына серпін беретін жобаны «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ ұйымдастырды. Гран-при иегерлері Мәскеу қаласында өтетін ақтық сайысқа жолдама алды.
Үш баласына қоса 25 жетім баланы бауырына басқан Өмірхан Жетесов пен Амангүл Ешпанова бірнеше жыл бұрын «Шашу» отбасылық ансамблін құрып, қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттаумен айналыса бастаған еді. Бүгінде олардың жеті баласы – Астанадағы жоғары оқу орындарының студенттері.
Ер жетіп, азамат бола бастаған үлкендеріміз кішілеріне үлгі болып жүр. Қуанатынымыз, бауырымызға басқан 25 жетім баланың 23-і қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап, күй шертіп, ән салады, терме айтады. Өзіміз дәстүрлі өнерде жүрген соң балаларымызды да осы бағытта тәрбиеледік. Ән мен күйді сүйетін балалар өсіргенімізге анасы екеуміз қуанамыз. Бұл төккен тер мен қажырлы еңбектің нәтижесі. Өнерде жүрген бала ешқашан да тентек болмайды», дейді көпбалалы әке Өмірхан Жетесов.
Ақтөбе облысы