Қоғам • 18 Маусым, 2025

Туған жерден топырақ бұйырды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында қаза тапқан жауынгер Таңқыбай Иманбердиннің жерленген жерінен бір уыс топырақ еліне әкелінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туған жерден топырақ бұйырды

Краснояр ауылында осыған орай арнайы рәсім ұйымдастырылып, оған жауынгердің 90-ға таяған қызы Нұрзия Таңқыбайқызы қатысты. Таңқыбай Иманбердин 1900 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Көкшетау ауданына қарасты Биіктесін ауылында дүниеге келген. Соғыс басталғанда бозбала екі бауырымен бірге Отанды жаудан қорғауға аттанған. Екі бауыры да сол соғыста қаза тауып, із-түзсіз жоғалып кеткен.  

– Бұл жай ғана топырақ емес, ерлік пен тағдырдың үнсіз куәсі, – дейді жауынгердің немересі Ғалия Рахымберлина, – бір уыс топырақ жүрегімізде баршамызға атамыздың ерлігін, Отанға деген сүйіспеншілігін, жанкүйер патриоттық сезімін жүрегімізге ұялатады. Бүгін бір уыс топырақпен атамыздың аты еліне, туған жеріне қайтып оралды.

Таңқыбай Иманбердин 228-ші атқыштар полкының құрамында жаумен шайқасқан. Соғысқа аттанғанда жұбайы Күлбарам қолында екі қызымен қалыпты. Жылдар өте келе сол ұрпақтары жергілікті билік пен әскери мекемелерге жүгініп, жауынгер туралы ақпарат іздей бастайды. Дәл осы сәтте көмекке «Көкше-Іздеу» әскери-патриоттық іздестіру клубы келген. Жылдың басында отбасы Карелия Республикасының Суоярви қаласында орналасқан үлкен қабірден бір уыс топырақ алып келді.

Бұл рәсім – ұрпақтың ата-бабасының алдындағы парызы, тарихқа құрмет, ел мен ердің арасындағы киелі байланыстың көрінісі. Отан үшін от кешкен ардақтылардың рухы ел жүрегінде мәңгі сақталады.

Көкшетау.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025