Спорт • 18 Маусым, 2025

Екі семсерші Азия чемпионатында үздік ондыққа енді

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияның Бали аралында семсерлесуден Азия чемпионаты басталып, ерлер арасында қылышпен семсерлесуден, ал әйелдер арасында рапира бойынша жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі семсерші Азия чемпионатында үздік ондыққа енді

Фото: olympic.kz

Қазақстан спортшысы Артём Саркисян жетінші орынға ие болып, үздік ондыққа еніп отыр. Ол медаль үшін өткен кездесуде жапондық Кайто Стритске бір ғана шаншу айырмасымен есе жіберді (14:15).

Тағы бір отандасымыз София Актаева Азия чемпионатын сегізінші орынмен аяқтады. Үздік сегіздікке өту жолында ол Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, жапон спортшысы Сэра Азумадан басым түсті.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, сонымен қоса Жанат Нәбиев 20-орынды иеленсе, Бақдәулет Құралбекұлы 31-ші, Назарбай Саттархан 36-шы орынға тұрақтады. Ал Күлжан Түсіпбекова 28-ші, Алёна Гноева 31-ші орынды еншіледі.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025