Кәсіпкер • Бүгін, 10:00

KMF қолдаған кәсіпкер

10 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жазира Оразқызы – шағын кәсіптің иесі. Кәсіпкерлік жолын көрпе-жастық тігіп бас­таған ол бүгінде тігін өндірі­сінің көрігін қыздырып отыр.

KMF қолдаған кәсіпкер

Қызметкерлер – басты құндылығы

– Бұл кәсіпке деген қызығу­шылығым осыдан 15 жыл бұрын Қытайға сапар барысында басталды. Ерекше қолөнер бұйым­дарын егде жастағы ер адамның тігіп отырғанын көргенімде, таң­данысымда шек болмады. Елге келе салысымен жаңа кәсіпке кірісіп кеттім, – дейді.

Кезінде бір ғана тігін машинасымен басталған кәсіпорында бүгінде 10-нан астам машина жұ­мыс істеп тұр. Цехта 8 адам ең­бек етеді. Ар­найы киімдерге тап­сырыс алатын кәсіп­орын өнімдеріне сұраныс қаладағы мемлекеттік, жекеменшік аурухана мен емханалардан, дәмхана мен мейрамханалардан түседі. Кәсіпорындағы жұмыстың жандануы әсіресе, маусымдық тапсырыстармен тығыз байланысты. Кәсіпкердің айтуынша, әр маусым жаңа мүмкіндікке жол ашады. Сондай кезеңдердің бірінде 20 күннің ішінде 4 мың көрпе тігіп, ре­кордтық тапсырыс орындаған кездер де болыпты. Уақыт өте келе сауда нүк­тесін ашып, тұрақты клиенттер базасын қалыптастырған кәсіпкер бүгінде шағын кәсіптің нәсібін көріп отыр.

Қызметкерлері арнайы са­лын­ған тегін баспаналарда тұрады. Ком­муналдық шығындарды да кәсіпкер өз жауапкершілігіне алған. Еркін жұмыс кестесі, лайық­ты жалақы, адамгершілік қарым-қатынас – бұл ұжымның негізгі қағидаттары. Әлеуметтік жағдай жасалса, жұмыскердің ынтасы да артады, тиянақты жұмыс істеуге барынша тырысады. Осы кәсіпорында 8 жылдай жұмыс істеп, соның арқасында жер алып, үй салған мамандар да бар­шылық. Көршілерін де тұ­­рақты жұмыспен қамтып отыр­­ған кәсіпкер олардың уақы­тын үнемдеуіне, отбасына уақты­лы көңіл бөлуіне жағдай қарастырған.

 

KMF – сенімді серіктес

Жазира Оразқызы KMF компаниясымен 2010 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Өз кәсібін дамыту үшін осы компаниядан алғаш рет несие рәсімдеп, Бішкектен қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Жақында KMF-тің «Іскер ханым» бағдарламасы арқылы тағы да несие алып, өндірісті кеңейтіп, жаңа кәсіпкерлік бастамаларын дамытуды көздеп отыр.

– Кәсіп жүргізу үшін қомақты қаражат керек. Сол қаражатты 15 жылдан бергі аралықта KMF-тен алып келемін. Жақында «Іскер ханым» бағдарламасы арқылы несие алдым. Компанияның қол­дауының арқасында маған және отбасы мүшелеріме білікті дәрі­герлерден тегін кеңес алуға, биз­несті дамытуға, жетілдіруге қа­жетті курстар, тренингтерге қа­тысу мүмкіндігі берілді. Несие­ні өтеуде жеңілдік мерзімі қарас­тырылған. Білім арттыруға, кәсі­бімізді дамытуға қолдау көрсе­тіп жатқан KMF компаниясына алғыс­тан басқа айтарым жоқ. KMF ма­ған және қызметкерлеріме көмек көрсетіп, ортақ ісіміздің алға ба­суына ықпал етіп келеді, – дейді кәсіпкер.

KMF – отандық нарықта 27 жылдан астам уақыттан бері жұ­мыс істеп келе жатқан қаржы ұйы­мы. Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыратын KMF-тің еліміз бойынша 17 филиалы және 122 бөлімшесі бар. Клиенттердің басым бөлігін әйелдер құрайды. Компания құрылғалы бері 465 мыңнан аса әйелге несие беріліп, кейінгі бір жылда кәсібін дамытуға 76 мыңнан аса әйел несие алған.

Жазира ханым кәсіпкерліктің отбасына да, айналадағы жан­дарға да көмегі көп екенін айтады. Кәсібінің арқасында бала оқытып, әлеуметтік жағдайын жақсартты. Шетелдерге сапарға шығып, демалуға да уақыт та­уып жүрген іскер әйел еңбек бар жерде береке бар дейді. Ең бастысы – өз ісіңді жақсы көріп, бағалай білу.

Жазира Оразқызының кәсіп­керлік жолы – еңбек пен тұрақты дамудың жарқын үлгісі. Ол тек бизнес жүргізіп қана қоймай, айналасына да игілікті ісімен ық­пал етіп отыр. Іскер әйелдің тәжі­рибесі өз ісін бастауға ниетті жандар үшін ерекше шабыт береді.

 

АЛМАТЫ