
Үш күнге ұласқан жарыста көрермендер тартысты ойындардың куәсі болды. Астана қаласында өткен супер лига сайысына 12 команда қатысып, 10 ұпай жинаған Ресейдің Свердлов облысынан келген УГМК командасы топ жарды. 2-орын 9 ұпайы бар «Қарағанды-1» командасының ойыншыларына бұйырса, 7 ұпай жиған «Shymkent-I» (Шымкент) командасы үштікті түйіндеді. 4-орын 7 ұпай иеленген «Altay Pro» (Өскемен); 5-орын «Масаншы жолбарыстары» (Жамбыл облысы, 6 ұпай); 6-орын МЖСШМ (Алматы, 6 ұпай) командаларына бұйырды.
Қарағанды қаласында екінші лига ойындары өтті. Нәтижесі төмендегідей: 1-орын – Almaty-2 МЖСШМ, 9 ұпай; 2-орын – «Қарағанды-3», 8 ұпай; 3-орын – Хван Ман-Гым-2 (Өзбекстан, Ташкент облысы), 8 ұпай; 4-орын – «Қарағанды-2», 8 ұпай; 5-орын – «Сигма» (Шымкент), 6 ұпай; 6-орын – «Ардагер» (Алматы), 6 ұпай.
Кеншілер қаласында өткен үшінші лига тартысына да 12 команда қатысты. 1-орын «ШҚО-1» (Өскемен), 10 ұпай; 2-орын «SaryArka» (Астана), 9 ұпай; 3-орын «Ақтөбе», 8 ұпай; 4-орын «Jenimpaz» (Павлодар); 5-орын Мартөбе БЖСМ-12 (Шымкент), 6 ұпай; 6-орын 5 ұпай иеленген ОРОМБЖСМ «Қарағанды-1» клубына бұйырды.