Форум • 17 Маусым, 2025

Орталық Азия – Қытай: Гуманитарлық форум жұмысы басталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Орталық Азия – Қытай» гуманитарлық форумына қатысты.

Орталық Азия – Қытай: Гуманитарлық форум жұмысы басталды

Астанада «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясында өтіп жатқан гуманитарлық форумның жұмысы басталды. Іс-шараны бас директор Шэнь Хайсюн мырза бастаған Қытай Медиакорпорациясы мен Қазақстан Республикасы Пре­­зи­­дентінің Телерадио­кеше­ні ұйымдастырды. Форум жұмы­сына Қазақстан, Қытай, Қырғыз­стан, Тәжікстан, Түрік­мен­стан және Өзбекстан ел­дері­­нің мемлекеттік органдары мен жетекші медиақұры­лымдары­ның басшылары қатысты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық тату көршілік және мәңгі достық рухында дамып келеді. Тереңнен тамыр тартатын шынайы серіктестігіміз бүгінде стра­тегиялық сипат алып, мүл­де жаңа деңгейге көтерілді. Мәде­ниет – халықтар мен өрке­ниет­терді жалғайтын алтын көпір. Екі елдің бірлігін бекемдеу жолында мәдени-гу­ма­­­ни­­тарлық байланыстар ай­рық­ша рөл атқарады. Сондық­тан ­біз осы бағыттағы өзара ын­ты­­мақ­­тастығымызды күшейтуге ерекше мән береміз», делінген хатта.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшы­­лы­ғымен әлеуметтік-эко­номи­калық, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда жүзеге асырылып жатқан маңызды реформаларға тоқталды.

Ерлан Қарин аталған форум Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы мәде­ни-гуманитарлық ынтымақ­тастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35