
Тергеу деректеріне қарағанда, ер адам баласын дәрігерге қаратуға алып келіп, қабылдау кезінде медицина қызметкерлеріне қол көтерген. Полицияны оқиға орнына дәрігерлердің әріптестері шақырған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») және 380-бабы («Билік өкіліне немесе оның өкілі ретінде әрекет ететін тұлғаға күш қолдану») бойынша іс қозғалды.
Қазіргі таңда зардап шеккен екі дәрігер облыстық аурухананың шұғыл нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы – орташа ауыр. Диагнозы: мидың шайқалуы, мұрынның сынуы, дененің түрлі жерлеріндегі көгерулер мен жұмсақ тіндердің гематомасы.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова арнайы барып, жарақат алған медицина мамандарының жағдайымен танысты. Министр дәрігерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі – мемлекет назарындағы маңызды мәселе екенін айтып, бұл оқиғаның әділ тергелуін талап етті.