Қоғам • Бүгін, 12:16

Жұмысынан айрылған азаматтарға 51,6 млрд теңге қаржы бөлінген

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың 1 маусымы жағдайына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алып отырған азаматтардың саны 202,8 мың адамға жетті. Оның ішінде 138,2 мың адамға төлем биыл алғаш рет тағайындалған. Бұл мақсатқа бөлінген жалпы сома – 51,6 миллиард теңге, деп жазады Egemen.kz.

Жұмысынан айрылған азаматтарға 51,6 млрд теңге қаржы бөлінген

Төлем қалай жүзеге асырылады?

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмысынан айырылған азаматтарға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін төлем төленеді. Төлем мөлшері – жоғалған табыстың 45%-ына дейін, ол МӘСҚ қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

Әлеуметтік төлемді қалай алуға болады?

Жұмыссыз қалған азамат төлем алу үшін бірнеше қарапайым қадамды орындауы керек:

  1. eGov.kz порталында авторизациядан өту;

  2. «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінен «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

  3. Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, жолдарды толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойып өтінімді жіберу;

  4. Бір күн ішінде тұрғылықты жердегі мансап орталығы (МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

  5. Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде азамат жұмыссыз ретінде тіркеледі.

Қызметті enbek.kz порталы арқылы да онлайн режимінде рәсімдеуге болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәлімет болған жағдайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі азаматқа SMS-хабарлама жібереді. Ол арқылы МӘСҚ-тан төлем тағайындауға келісім беру сұралады. Азамат келісімін SMS арқылы білдірсе, төлем автоматты түрде рәсімделеді.

Айта кетйік, МӘСҚ тарапынан төленетін бұл төлем жұмыссыз қалған азаматқа уақытша қолдау көрсетуге арналған және жұмыстан шығу себебіне қарамастан жүзеге асырылады.