Спорт • Бүгін, 11:55

Таэквондошылар 5 медаль жеңіп алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

789 спортшы қатысқан Austrian Open турнирінде Қазақстан таэквондошылары 5 медальді қанжығасына байлады, деп жазады Egemen.kz.

Таэквондошылар 5 медаль жеңіп алды

Фото: Qazsporttv

Жүлделердің екеуі алтын, біреуі күміс және екеуі қола.

Алтын алғандар: Қаблан Бейбарыс (87+ келі), Қаражанова Азиза (53 келі).

Күміс жүлдегер: Сүндетбай Айдана (54 келі).

Қола жүлдеге қол жеткізгендер: Қожахмет Нұрқанат (87 келі), Ганиев Мерген (80 келі).