Медицина • Бүгін, 10:30

Медицина мамандары марапатталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Ұлытау облысының медицина саласының дәрігерлері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина мамандары марапатталды

Облыс әкімі Дастан Рыспеков құттықтау сөзінде «Адам өмірінен артық қымбат ештеңе жоқ. Ал сол өмір мен денсаулықты сақтау жолында уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген сіздердің қызметтеріңіз – ерекше құрмет пен алғысқа лайық», деді.

Мерекелік шарада Ұлытау облысы әкімінің арнайы «Үздік педиатр», «Үздік терапевт», «Үздік хирург», «Үздік санитарлық дәрігер», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік менеджер», «Стационардың үздік дәрігері», «Кәсібіне адалдығы үшін», «Білім беру мекемелеріндегі үздік медицина қызметкері», «Үздік акушер-гинеколог», «Үздік жалпы тәжірибелі дәрігер», «Үздік ауыл дәрігері», «Үздік акушерка», «Үздік фельдшер», «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік медбикесі», «Стационардың үздік медбикесі» аталым жеңімпаздарына арнайы сый-сияпат жасалды.

Ұлытау облысының әкімі «Жыл дәрігері» аталымының жүлдегері Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың педиатриялық қызметтің меңгерушісі Қаукер Жақсыгелдіқызына бір миллион теңгелік сертификатты тарту етті.

Облыстың бірқатар дәрігері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен, Ұлытау облысы әкімінің алғысхатымен, Денсаулық сақтау министрлігінің алғысхатымен және Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар сала үздіктеріне «AQNIET» салалық кәсіподағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің үздігі» төсбелгісі табыс етілді.

Салтанатты шараның соңы концертке ұласты.

Ұлытау облысы